Kitabı oxu: «Қаракерей Қабанбай»

Şrift:

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ

КƏРІБАЙ ТАҢАТАРҰЛЫ
(1866–1932)

1896 жылы шілдеде Көктұмада өткен Қаракерей түселінде (съезінде) Қабанбайдың төртінші ұрпағы Сүлеймен бастаған он екі бидің алдында түсел үйде айтқан өлеңі. 1951 жылы Құнапия Кəрібайұлынан көшіріліп алынған.

 
Билеген қазақ халқын хан Абылай,
Ешбірін жат көрмеген дара Абылай.
Ерлердің ел басқарған соңына еріп,
Ұйыған сары уыздай қазағым-ай!
 
 
Сайыста қажымаған серіктері,
Ұрқына мұра болған ер істері.
Жоңғардың шапқыншылық ылаңында,
Шайқасы Азияда өрістеді.
 
 
Қолбасы ер Қабанбай ту ұстаған,
Қайраты қаһарланса құрыштаған.
Үш жүздің бəр батырын ұйыстырып,
Маңына хас дұшпанын жуытпаған.
Жауға қатал, досына мейірлі боп,
Кейітіп халық көңілін суытпаған.
 
 
Қасына ер Бөгенбай, Барақты алып,
Болғаны елге қорған Алашқа анық.
Бердіқожа, Қасабай, Жантай батыр,
Қосылған ер Жəнібек талаптанып.
 
 
Ер Қасым, Баймұрат пен Райымбек,
Болғаны оған серік қазаққа анық.
Қосай, Тама, ер Шөрек, Малайсары,
 
Yaş həddi:
12+
Litresdə buraxılış tarixi:
23 yanvar 2017
Həcm:
3 səh. 1 illustrasiya
Müəllif hüququ sahibi:
Public Domain
Yükləmə formatı:
epub, fb2, fb3, html, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip