«Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім» kitabından sitatlar

Бала кезде сенім мен түсініктің, шын немесе жалған екендігі бізге маңызды болған емес, өйткені біз оған сендік, орта талабы сондай болды жəне олар өсе келе біздің шындыққа (өмірлік ұстанымға) айналды

Біз бала кезден жан құмарымен бәрін білгіміз келді және 5 сезім мүшесі арқылы (хауас салим) қоршаған ортадағы ақпараттың құлы болдық

Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал төртіншісі бөшкелеп алады

Жаратушының заңдылықтары да дәл солай, адамға еш зияндық тигізе алмайды, бірақ оның əрекет ету принципін түсінбеушілік – сіз қанша мейірімді, жақсы жəне адал адам болсаңыз да қиындық пен қателіктерге тап болуыңыз мүмкін.

Өмір заңдылықтары өз суларын бейбіт түрде ағызып жатқан өзен сияқты жəне сіз бақытты немесе бақытсызсыз ба, жақсы немесе жаман адамсыз ба, сәтті немесе сәтсіз екеніңізге мүлдем бей-жай, бейқам, қарамайды. Ол жай ағып жатыр. Біреу бұл өзенге қайғыру, мұңаю үшін келеді, біреу бұл өзенге қуану, шаттану үшін келеді, бірақ ол (табиғат заңдылықтары) бізге мəн бермейді. Біз оның салқын суына қуана шомыла аламыз немесе жартастан құлап, батып та кете аламыз. Өзен əрдайым ағып жатады, өйткені ол бейтарап (нейтралды), ешкімді алаламайды, риясыз. Дегенмен өмір заңдылықтары бізді қолдай да, жоя да алады.

біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары дүниеге (ортаға) байланысты. Уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз.

ішкі (себеп) жан дүниеңіз қандай болса сыртқы (салдар) орта айналаңыз сондай болады.

біздің қалау-ниетіміз түбінде қайырлы, берекелі болатындығына ешкім кепілдік бере алмайды, егер де біздің сеніміміз бен түсінігіміз жалған болса.

Өмір бойы əрқайсымыз белгілі бір білім мен тəжірибе жинақтаймыз жəне сол жинап тергеніміздің негізінде біз өзіміз жайлы, басқа адамдар жайлы, жалпы өмір туралы, Құдай туралы екі маңызды ұғымды – сенім мен түсінікті қалыптастырамыз.

Бізді шектейтін жалғыз нəрсе – бұл біздің ойлау (ойлану) қабілетіміз, сенім жүйеміз. Егер біз өзімізді лайықсыз, керексіз, жарамсыз деп өз-өзімізді гипноздауды, сендіруді доғарсақ, біз өзіміз қалаған нəрсені ала аламыз, арман, мақсатқа жете аламыз.

Yaş həddi:
12+
Litresdə buraxılış tarixi:
29 avqust 2021
Yazılma tarixi:
2021
Həcm:
230 səh. 1 illustrasiya
ISBN:
978-5-532-93728-4
Müəllif hüququ sahibi:
Автор
Yükləmə formatı:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip