Kitabı oxu: «Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім»

Şrift:

Кіріспе

Бір нәрсені өзгертпес бұрын, оның біз үшін неліктен маңызды екенін түсінген жөн. Кейде біз ұзақ ойланамыз да, әрекетке көшпейміз. Кейде керісінше, асығыс шешім қабылдап, оның салдарын кейін бағалаймыз. Осы екі шектің арасынан жол табуға бола ма? Меніңше, болады: өз ойымызды тексеріп, ниетімізді нақтылап, қолымыздан келетін қадамды жасауымыз керек. Адамның көзқарасы таңдауларына ықпал етеді, бірақ өмірдегі барлық оқиғаны жалғыз өзі анықтамайды.

Армандау, мақсат қою және жоспар құру пайдалы. Алайда аффирмация, елестету немесе жақсы көңіл күй нақты әрекетті алмастырмайды. Бұл кітапта ішкі жұмыс деп өз ойларыңызды, құндылықтарыңыз бен ниетіңізді түсінуді; сыртқы әрекет деп білім алу, еңбек ету, келісу, көмек сұрау және шешімдерді іс жүзінде сынауды айтамын. Екеуі бірін-бірі толықтырады. «Өз тағдырыңызды жазу» — өмірді толық билеу емес, өзіңізге тиесілі жауапкершілікті қабылдау туралы метафора. Рухани пайымдарды ғылыми заңмен шатастырмай, әр кеңесті өз жағдайыңызға қарай бағалаңыз. Мұндағы жаттығулар емнің немесе жеке кәсіби кеңестің орнына жүрмейді.

1-тарау. Өмір заңдылықтары

Дұрыс ақиқатқа сай ойлап жүрміз бе?

Ойдың жағымды болуы оның міндетті түрде дұрыс екенін білдірмейді. Сол сияқты, жағымсыз ойдың бәрі қате емес: кейде ол шынайы қауіпке назар аудартады. Дұрыс ойлауға ұмтылу — деректі жорамалдан ажырату, өз қорытындыңызды тексеру және жаңа мәліметке қарай көзқарасыңызды өзгерте білу. Үміт пен шынайылық бір-біріне кедергі емес.

Позитивті ойлау қиындықты жоққа шығаруға айналмауы керек. «Бәрі жақсы болады» деудің орнына, «Қазір не болып жатыр және мен не істей аламын?» деп сұраңыз. Кейде көзқарасты өзгерту қажет, кейде жағдайдың өзін: қауіпсіз орта табу, көмек алу немесе зиянды қатынастан алыстау керек. Ішкі және сыртқы өзгерістердің екеуі де маңызды.

Өмірді түсіну үшін үйренуге дайын болу қажет. Мен үшін ақиқатқа ұмтылу — сенімге адалдықпен бірге, білмегенімді мойындау және білгенімді тексеру. Табиғат заңдары, адамгершілік қағидалары және діни сенім әртүрлі сұрақтарға жауап береді; оларды бір ғана ережеге сыйғызуға болмайды.

Фортепианоға алғаш отырған адам әуенді бірден еркін орындай алмайды. Нота тану, тыңдау және жаттығу қажет. Өмірдегі дағдылар да осылай қалыптасады: ниетке қоса тәжірибе мен кері байланыс керек. Бірақ өмір музыка аспабы сияқты толық басқарылатын жүйе емес. Бірдей күш жұмсаған адамдардың нәтижесі жағдайына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан бұл салыстыруды жетістікке кепілдік беретін заң емес, үйренудің маңызын көрсететін бейне ретінде қабылдаңыз.

Өзіңізге айтатын сөздің маңызы

Ішкі диалог — адамның өзімен ойша сөйлесуі. Оның жиілігі мен сипаты әркімде әртүрлі; ой тек сөзбен ғана емес, бейнемен де өрбуі мүмкін. Өзіңізге айтатын сөз көңіл күйіңізге, жағдайды бағалауыңызға және әрекетіңізге ықпал етеді. Бірақ ол ғаламға берілген бұйрық емес. Себеп-салдарды түсіну үшін ойды ғана емес, әрекетті, ортаны, өзге адамдардың шешімдерін және кездейсоқ жағдайларды да ескеру керек. Өзіңізді кемсітетін ойды байқағанда, оның қаншалықты негізді екенін тексеріңіз: «Менің қолымнан ештеңе келмейді» деген тұжырым нақты дерек пе, әлде ауыр сәттегі жалпы баға ма?

Проблема надандықта және білместікте

Бұл кітапта ақиқатқа ұмтылу деп шындыққа адал қарауды, сенімді деректі іздеуді және ар-ожданға сай әрекет етуді айтамын. Діни сенім мен ғылыми дәлелдің негіздері бірдей емес. Рухани пайым адамға мағына бере алады, ал тексерілетін құбылыстар туралы тұжырымға тиісті дәлел қажет.

Жақсы адамның да өмірінде қиындық болады. Мұны оның дұрыс ойламағанының, иманының әлсіздігінің немесе моральдық кемшілігінің дәлелі деуге болмайды. Кейде өз қатемізді түзете аламыз; кейде бізге қатысы жоқ себептердің салдарын еңсеруге тура келеді. Екі жағдайда да айыптау емес, жағдайды дұрыс түсіну маңызды.

Өзен бейнесі осы айырмашылықты түсіндіруге көмектеседі. Ағысқа түскен адамға жүзу дағдысы, судың тереңдігі, ауа райы және жанындағы адамдардың көмегі әсер етеді. Жақсы ниет қауіпсіздік ережелерін алмастырмайды. Ал қиындыққа тап болу адамның жаман екенін білдірмейді. Себептерді зерттеу — кім кінәлі екенін асығыс шешу емес, қауіптің алдын алу мен көмек жолын табу.

Мүмкіндіктерді өзеннен су алуға теңеп көрейік. Бір адамда ыдыс бар, біреуде жоқ; біреуге жағалауға жетудің өзі қиын. Дағды мен сенімді дамыту қолымыздағы ыдысты үлкейтуге ұқсауы мүмкін. Алайда білімге қолжетімділік, денсаулық, уақыт, табыс пен қоғамдық жағдай да маңызды. Өз мүмкіндігіңізді кеңейтуге тырысыңыз, бірақ өзгенің аз табысын немесе ауыр тұрмысын оның ойлауымен ғана түсіндірмеңіз. Қанағат пен даму қатар өмір сүре алады.

Сенім бізге қалай кедергі болады

Балалық шақта отбасымыздан, ортамыздан және жеке тәжірибемізден көп нәрсе үйренеміз. Кейбір пікірлерді тексермей қабылдап, кейін өмірлік ұстанымға айналдырамыз. Бұл — үйрену мен әлеуметтену туралы әңгіме. Оны эпигенетикамен теңестіру дұрыс емес: эпигенетика гендердің қызметін реттеуге қатысты биологиялық өзгерістерді зерттейді. Өткен орта бізге әсер етеді, бірақ болашақ таңдауымыздың бәрін алдын ала бекітіп қоймайды.

Есіңізде болсын: ішкі сөзсіз (ой) сыртқы сөз (тіл) шықпайды. Біз үнемі не айтып отырсақ (монолог болсын, өзіңмен сөйлесу, диалог болсын өзгемен сөйлесу), яғни не ойлап отырсақ, ол біздің шынайы бейнемізді, өзіміз жайлы ой-пікір, көзқарасымызды анықтап береді. Өзіңізді және басқаларды бір нәрсеге қабілетсіз екендігіне сендіре бастаңыз, сайып келгенде, бәрі оған сенеді («Құлдық Сана»). Көп елдерде осындай тенденцияны байқауға болады, «Құлдық Сананы» қалыптастыру бағыты бойынша.

Сенімдеріңізді тексерудің бір жолы — олардың әрекетіңізге қалай әсер ететінін байқау. «Мен үйрене алмаймын» деген ой жаттығуды бастауға кедергі келтіруі мүмкін. Оны «Қай тұсын үйренуім керек?» деген сұраққа ауыстырып көріңіз. Дегенмен сыртқы кедергілерді жоққа шығармаңыз. Қызанақтың тұқымынан қияр өспейтіні сияқты, тек тілекті өзгерту бұрынғы әрекеттің нәтижесін бірден өзгертпейді. Жаңа нәтиже үшін жаңа әрекет пен тиісті жағдай қажет.

Сіз қызанақ отырғызып жатқанда, оларға аллергияңыз болса да, ол жерден қызанақ тұқымы өніп шығады. Қызанақ сіздің аллергияңыз бар екен деп сізді аямайды. Яғни қанша өмір заңдылықтарын жақтырмасаңыз да себебін жасағаннан кейін салдарын көресіз. Сондықтан да себебін жасамас бұрын салдары туралы ойлану керек. Жаратушының ескертуіне және оның заңдылықтарына құлақ асу керек.

Сіздің шындық (Ақиқат) деп жүргеніңіз қандай құндылықтар мен сенімдерге негізделгені туралы ойланыңыз. Біздің әрқайсымыз өмірге келген кезден бастап күндер, айлар, жылдар бойы багаж жинаймыз және оның ішінде неше түрлі (әр алуан) көзқарастар, ой-пікірлер, түсініктер мен сенімдер жатыр.

Ақыл айтпаңдар!

«Өз ақылым өзіме жетеді», «Ақыл айтпаңдар маған мүлдем» дейтін адамдар өте көп, олардың сенетін түсініктері мен өмірлік ұстанымдары:

1) Маған жаңа идеялар, ойлар (сенім мен түсінік) қажет емес.

2) Менің өмір туралы өз ой-пікірім бар және оларды өзгертуге ешкімнің хақысы жоқ.

3) Мен өзімді өмір бойы дұрыс басқарып келемін, менің сенімім (ой жүйем) дұрыс емес деп айтпаңдар.

4) Мен ақыл айтатын адамдарды естігім, көргім, оқығым келмейді.

Сондықтан біреуді бір идеологияға, әсіресе өзі жайлы шындыққа, жалпы ақиқатқа сендіруге тырысқанда, абай болу керек. Ойлана отырып, талап қоймай, ақылмен жеткізу керек.

Әр адамның өмір, дін және саясат туралы өз пікірі бар. Көзқарасты келемеждеу немесе күшпен өзгертуге тырысу әңгімелесушіні қорғануға итермелеуі мүмкін. Алдымен оның не айтқысы келетінін түсініп, содан кейін өз дәлеліңізді ұсыныңыз.

Өткен тәжірибе негізінде қалыптасқан немесе басқа адамдардан алынған көптеген наным-сенімдеріміз ақиқатқа сәйкес келмейді, бірақ дүние қызығы, рахаты мен ләззаты деп, жан сақтау үшін біз жалғанға сенеміз. Өзін-өзі сақтау инстинкті (Эгоизм) мен жалған сенімділікке деген қажеттілік теріс әсер ететіні соншалық, біз дүниені ойынға айналдырып өз ережелерімізді, заң-қағидаттарды ойлап табамыз және өзімізді осының барлығына шын мәнінде ақиқат деп сендіреміз. Негізі бұл шындық болса да жалған ақиқат.

Бізге еш қатысы жоқ адамдардың сенімін сіңіру, түсінігін қабылдау ақыр соңында құлдыққа алып келеді. Өкінішке орай, біздің айналамыздағы, ортамыздағы адамдар көбіне бұрыс, қате жалған сенім мен түсінік қалыптастырған. Жалпы теріс, жағымсыз, негативті орта адамның өзін-өзі жүзеге асыруына жетістікке жетуіне кедергі келтіреді, бізді шектейді. Екі өмір бақытының біріншісінен ұтылуға себеп болып жатады.

Әділдік болмаса сенім де болмайды. Қоғамда әділдік орнату үшін, бірінші адам әділдікті іште орнатуы керек. Құр бос сөз адамды ақиқатқа сендірмейді.

Қате түсініктерден арылыңыз

Бақыттың бәріне ортақ математикалық формуласы жоқ. Өзіңізге сену, әрекет ету және қателіктен үйрену өмір сапасын жақсартуға көмектесетін тіректердің бірі бола алады.

Өзгеруге дайындық маңызды, бірақ ауру, кедейлік немесе сәтсіздік адамның өзіне сенбеуінен ғана туындамайды. «Мен неге осындаймын?» деп өзіңізді айыптаудың орнына, қиындыққа ықпал еткен нақты жағдайларды анықтаңыз. Бұл кітаптың ойларымен келіспеуіңізге де, оқуды үзіп, кейін оралуыңызға да болады. Оқырманның күмәні — кемшілік емес; ұсынысты бағалаудың қажетті бөлігі.

Біз психологиялық жайлы, қолайлы, ыңғайлы аймақты іздейміз, ол біз үшін қаншалықты жойқын болса да, себебі біз салдарын білмейміз. Ең бастысы, проблемалар мен өзіңіз, өзге, өмір, Құдай туралы қате түсініктерден арылудың жалғыз жолы — біз үшін ыңғайсыз, жағымсыз болған шындық пен ақиқатты мойындау. Ақиқатты жасыру, өзің жайлы шындықтан қашу құлдық пен тәуелділіктің себебі. Ақиқат үгіт-насихатталуы керек, ал өзіңіз жайлы шындықты жасырмауыңыз керек, ол бәрібір ақыретте аян болады. Ақиқат пен шындықтан қашудың орнына өзіңізбен айналысу, жұмыс істеу керек. Ең бастысы дұрыс иман келтіру. Ол жан мен тәннің үйлесімін (балансын) реттеу. Яғни дүние мен ақыретті қатар ұстау.

Біздің бостандығымыздың деңгейі шындық пен ақиқатты жасыру немесе одан қашып жүруге тікелей байланысты.

1) Біз өзімізді алдауды тоқтатуымыз керек, қиын жағдайға тап болдық па, мойындау керек, өтірік маска тағудың қажеті жоқ.

2) Өз қателігіміз үшін жауап беріп, өзгенің жауапкершілігін өз мойнымызға алмауымыз керек.

3) Жағымсыз, теріс, негативті шешімдер мен таңдаулардан аулақ болуымыз керек.

4) Кейбір сенімдеріміз қате болуы мүмкін екенін мойындап, олардың нақты жағдайға қалай әсер етіп отырғанын тексеруіміз керек.

Бұл төрт тәсіл — теріс ойлауды позитивті ойлауға айырбастау емес, дұрыс ойлауды үйрену, яғни өзіңіз туралы және өмірге деген көзқарасыңыз туралы абсолютті шындықты қабылдау, өмір заңдылықтарына бағыну және ақиқатқа бойұсыну. Иллюзияға емес (дүние), ақиқатқа негізделген дұрыс ойлау жан мен тәннің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негіз болып табылады. Позитивті, Негативті ойлау біздің сенім жүйеміз арқылы сүзгіленеді, және ішімізде үлкен қарсылық пен соғыс тудырады, ал дұрыс ойлау кез келген өмірлік жағдайдағы адамның, өмірдің, заттардың шынайы жағдайын, бейнесін, Жаратушы мен жаратылыс заңдылықтарының шынайы сипатын түсінуге негізделген. Шындық пен Ақиқатқа сүйенген.

Білу еркіндік береді

Құбылыстың сыртқы көрінісімен шектелмей, оның мәнін түсінуге тырысыңыз. Өзіңізге: «Қазір мен не білемін? Нені жорамалдап отырмын? Қандай мәлімет жетіспейді?» деген сұрақтар қойыңыз. Ішкі жауап пайдалы ойға бастау болуы мүмкін, бірақ ол қателеспейтін төреші емес. Сенімді дерекпен салыстырып, қажет болса тәжірибелі адамнан кеңес алыңыз.

Табыс (шын рухани пайда) неден басталады

Өмірге ықпал ете алатынымызды түсіну күш береді. Бірақ ықпал ету мен барлық оқиғаға толық жауап беру — екі бөлек нәрсе. Өз таңдауыңыз бен әрекетіңізге жауап беріңіз; өзге адамның зорлығы, табиғи апат немесе сіз басқара алмайтын жағдай үшін өзіңізді кінәламаңыз. Рухани өсу өз үлесіңізді адал бағалаудан басталады.

Ішкі көзқарас сыртқы ортамен өзара әсерлеседі. Сондықтан мәселенің шешімін тек іштен немесе тек сырттан іздеу жеткіліксіз болуы мүмкін. Кейде ойлау әдетін өзгертуге, кейде білім, ем, әлеуметтік көмек немесе қауіпсіз жағдай іздеуге тура келеді.

Ұқсастық пен назардың әсері

Адам өзіне таныс көзқарастарды жиі байқап, ұқсас қызығушылығы бар адамдарға жақындауы мүмкін. Бұл ортаның қалыптасуына әсер етеді. Алайда айналаңыздағы барлық жағдай ішкі дүниеңіздің дәл көшірмесі емес.

«Неге назар аударсам, соны жиі көремін» деген тәжірибені «тартылыс» деп бейнелеуге болады. Бірақ ойдың өзі ақша, ауру немесе оқиғаны сырттан тартады деуге негіз жоқ. Практикалық мағынасы қарапайым: мақсатты анықтау кейбір мүмкіндіктерді байқауға және әрекет етуге көмектеседі.

Мұндағы ұқсастық пен назар туралы пайымдар физиканың тартылыс заңы емес және математикалық дәлдікпен нәтиже бермейді. Өмірлік мысалдың әсерлі болуы оны ғылыми дәлелге айналдырмайды.

Қандай жағдайды жиі байқап, қайсысын елемейтініңізді зерттеңіз. Мысалы, «Маған ешкім көмектеспейді» деген ойды нақты оқиғалармен салыстырыңыз: көмек сұрадыңыз ба, кім жауап берді, қандай қолдау қолжетімді? Бұл сұрақтар өзіңізді кінәлау үшін емес, әрекет етуге болатын тұсты табу үшін қажет.

«Сіздікі дұрыс»

Біз бұрынғы тәжірибеге сүйеніп, көптеген әрекетті автоматты түрде орындаймыз. Кейде өз пікірімізді растайтын мәліметке көбірек назар аударып, оған қайшы деректі елемейміз. Мұны «бейсана әрқашан менің дұрыстығымды дәлелдейді» деп түсіндіру тым қарапайым. Қарсы мысалдарды да іздеу көзқарасты тексеруге көмектеседі.

Қабілетіңізге сену әрекетке кірісуді жеңілдетуі мүмкін. Бірақ қажетті адамдар мен жағдайлар өздігінен пайда болады деп күтпеңіз. Байланыс орнату, ұсыныс жасау, дайындалу және сұрақ қою — өзіңіз орындайтын нақты қадамдар.

Ол автопилот принципі бойынша жұмыс істейді. Ұшақты қолмен басқара отырып, кез келген бағытта ұшуға болады. Алайда, сіз автопилотты қосқаннан кейін ол бірден басқаруды өз мойнына алады және қай жаққа бағдарламаланған болса сол жаққа ұшады.

Таныс көзқарас назарымызға әсер етуі мүмкін. Егер бизнесіңізде қиындық болса, тек сәтсіздіктерді байқап, пайдалы ұсыныстарды елемеуіңіз ықтимал. Бірақ әр мүмкіндік тиімді емес. Жағдайды дерекпен тексеріңіз: сұраныс қандай, шығын қанша, клиент не дейді? Өз сеніміңізге қайшы ақпарат та шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.

«Бейсана» сөзін бұл кітапта саналы бақылаусыз жүретін дағдылар мен ойлау үдерістерінің жинақтаушы атауы ретінде қолданамын. Оны өмірді басқаратын жеке тұлға немесе тілекті орындайтын күш ретінде түсінуге болмайды. Өзіңізді байқау, әрекетті өзгерту және қажет кезде қолдау алу — жұмыстың нақты бағыттары.

Ақпаратты тыңдау арқылы да, оқу арқылы да үйренуге болады. Екі тәсілдің пайдасы материалға, зейінге және адамның ерекшелігіне байланысты. Кітаптың артықшылығы — тоқтап ойлануға, қайта оқуға және белгі қоюға мүмкіндік беруі. Өзіңізге қолайлы тәсілді таңдаңыз.

Шығармашылық қабілеттеріңізге сеніңіз

Жаратушыға сенім мен шығармашылыққа ұмтылу адамға тірек бола алады. Алайда әлемдегі соғыс, ауру мен аштықты зардап шеккен адамдардың ойлауынан көру дұрыс емес. Қасіретті түсіндіруге асыққаннан гөрі, мұқтаж адамға нақты көмек көрсету маңызды.

Адамның таңдауы мен тағдыр мәселесі — терең діни тақырып. Оны қарапайым психологиялық сызбаға сыйғызбаймын. Мұндағы ойым: өзімізге берілген мүмкіндікті адал пайдаланып, нәтижені толық билей алмайтынымызды мойындау.

Мен Жаратушының әділдігі мен мейіріміне сенемін. Бұл сенім әрбір оқиғаның себебін білемін немесе өзгенің басына түскен сынақты түсіндіріп бере аламын деген сөз емес. Білмеген жерде асығыс үкім шығармау да адалдыққа жатады.

Шығармашылық қабілетіңізді дамыту — қолыңыздан келетін жұмыстың бірі. Жаңа ойды жазып алу, оны тәжірибеде сынау, қатесін түзету және еңбекті жалғастыру қажет. Рухани сенім осы жолда тірек болуы мүмкін, бірақ ол кез келген шешімнің дұрыстығына автоматты кепілдік бермейді.

Күш-қуатты басқаратын ой

Қалау мен ой әрекетке түрткі болуы мүмкін. Дегенмен ойлаған нәрсенің бәрі орындалмайды. Нәтижеге дағды, дайындық, жағдай және басқа адамдардың шешімдері де әсер етеді. Сондықтан ниетті жоспарға, жоспарды әрекетке айналдыру маңызды.

Жаңа идея пайда болғанда, оған қатысты ақпарат пен адамдарды көбірек байқауыңыз мүмкін. Бұл бүкіл әлем сіздің ойыңызға бағынады дегенді білдірмейді. Идеяны жүзеге асыру үшін оны түсінікті ұсынысқа айналдырып, қажетті ресурсты іздеңіз.

Кітап оқу — басқа адамның ойымен танысудың бір жолы. Осы мәтін арқылы біз пікір алмасып отырмыз. Менің ойым сізге жаңа сұрақ не тың шешім ұсынуы мүмкін. Оның құндылығын өз тәжірибеңізбен және сенімді біліммен салыстырып бағалаңыз.

Көлікті іске қосу туралы мысалды тек метафора ретінде алайық. Қозғалтқышқа қуат пен техникалық жарамдылық қажет; адамның ісіне де ниетпен бірге жағдай мен дайындық керек. Бірақ техникадағы энергияны адамның рухани тәжірибесімен теңестіруге болмайды.

Ом заңы электр тізбегіндегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты сипаттайды: I = U/R. Бұл формула адамның сенімін, рухани өсуін немесе жетістік мүмкіндігін есептемейді. Сондықтан адамның ішкі өзгерісін электр тізбегімен дәлелдеуге тырыспай, оның нақты әрекетіне, жағдайына және тәжірибесіне қарайық.

Өзгеріске кедергі келтіретін нәрсені анықтаңыз: ақпарат жетіспей ме, шаршадыңыз ба, қауіп бар ма, әлде неден бастарыңызды білмейсіз бе? Әр кедергінің шешімі бөлек. Біріне демалыс, біріне білім, біріне көмек керек.

Күшіңізді қалай арттыруға болады

Күш-қуатты арттыру шексіз ресурсқа қосылу емес. Өзіңіздің мүмкіндігіңізді бағалап, демалысты, үйренуді және қолдауды ескеріңіз. Рухани тәжірибе де мағына мен сабыр табуға көмектесе алады. Бірақ шаршауды тек сенімнің әлсіздігімен түсіндірмеңіз.

Қабілет тәжірибемен дамиды. Адамның мүмкіндігі кең болғанымен, шексіз емес. Нені үйренуге болатынын, неге уақыт керектігін және қандай шектеуді қазір ескеру қажет екенін ажырату — саналы әрекеттің бөлігі.

Біз үнемі бір нәрсе жасаймыз, бірақ оны не үшін жасап жатқанымызды көбінесе түсінбейміз. Өзіңіздің шынайы «Мен»ді және ішкі күшті дамыту жолын білу, бізге біртіндеп ойлану процесін бейсанадан ақылға айналдыруға көмектеседі. Бұл біздің жаратылыс деңгейімізге (болмысқа) оралуға себеп болады. Себебі біз дүниеге ең бірінші болу үшін келдік.

Саналы таңдау әдеттегі әрекетті тоқтатып, басқа жолды қарастыруға мүмкіндік береді. Ортаның әсері бар, бірақ оны тағдырдың жалғыз себебі деуге болмайды. Біз бәрін таңдамаймыз; соған қарамастан, кейбір шешімді қайта қарап, өз бағытымызға ықпал ете аламыз.

Көптеген әрекетіміз бұрынғы тәжірибе мен дағдыға сүйенеді. Кейбірі көмектеседі, кейбірі жаңа жағдайға сай келмейді. Мұны байқау өзіңізді кемсітуге себеп емес. Бірден бәрін өзгертуге тырыспай, сізге кедергі келтіретін бір әдетті таңдаңыз да, оны алмастыратын шағын қадамды сынаңыз.

Саналы әрекет ету — әр қадамды үздіксіз бақылау емес. Қажетті сәтте тоқтап, «Неге осылай істеп жатырмын? Басқа жол бар ма?» деп сұрай алу. Автоматты дағдылардың өзі жаман емес: олар күнделікті тіршілікті жеңілдетеді.

Бейсана біздің әрекеттерімізді басқарады. Сіз өзіңіздің әрекеттеріңізді әдеттегі мінез-құлық үлгілерімен анықтаудан бас тартқан кезде және сіз өзіңіздің бейсаналық реакцияларыңыздың құрбаны болуды тоқтатқан кезде ғана саналы, ақылға салынған таңдау жасай аласыз. Осы уақытқа дейін сіз бейсаналық өмірді сүріп келдіңіз, яғни сіз ойладыңыз, сезіндіңіз және дұрыс деп санаған жолмен әрекет еттеңіз.

Егер Бейсана деңгейі бізге қалаған нәрсені алуға мүмкіндік бермесе, оны жоюдың орнына, біз тек дұрыс ойлауға назар аударуымыз керек. Дұрыс ойлау — бұл шындық пен ақиқатқа негізделген ойлау. Ақиқат, анықтама бойынша, әрқашан «дұрыс».

Бұрыс қалыптасқан, тура жолдан адастырған қате сенім мен түсінікті жинап терген Ақыл оны Бейсанаға бекітіп, күнә-қателік, бақытсыздықтың себебі болып табылады.

Қанағаттанбастан өсу мүмкін емес

Қанағаттанбау кейде өзгеріске түрткі болады. Бірақ даму үшін өзіңізді жек көру немесе үнемі көңіліңіз толмауы шарт емес. Қолыңыздағы игілікке ризашылық білдіре отырып та жаңа мақсат қоя аласыз. Қазір нені сақтағыңыз келеді, нені өзгерткіңіз келеді? Екі сұраққа да жауап беріңіз.

Сіз өзіңізді қаншалықты шектейсіз?

Танымал бір мысалда пілдің жіңішке арқаннан босануға тырыспайтыны айтылады: ол бұрын күшті байлаудан шыға алмағандықтан, кейін де әрекет етпейді-мыс. Мұны жануар мінез-құлқы туралы дәлелденген дерек емес, үйренген шектеуді бейнелейтін әңгіме ретінде ғана қолдануға болады.

Өткен сәтсіздік кейде жаңа әрекеттен бас тартуға итермелейді. Бірақ жағдай өзгерген болуы мүмкін. «Бұрын қолымнан келмеді» деген тұжырымды «Қазір не өзгерді, қандай көмек бар?» деген сұрақпен толықтырыңыз. Шынайы шектеуді елемей кетпеңіз.

Қабілетіміз туралы бір қорытындыны ұзақ уақыт өзгеріссіз ұстап қалуымыз мүмкін. Мысалы, бұрын көпшілік алдында сөйлей алмаған адам өзін әлі де оған қабілетсіз санайды. Алайда дайындық, тәжірибе және қолдау бұрынғы мүмкіндікті өзгерте алады.

Өткенді өшіруге тырыспай, одан шығарған қорытындыны қайта қараңыз. Қай оқиға болды, сіз оны қалай түсіндіңіз және сол түсінік бүгін де орынды ма? Осы айырмашылықты байқау келесі қадамды таңдауға көмектеседі.

Өмір ережелерін білу

Өмірде қиналып жүрген адамды пайдасыз немесе керексіз деуге болмайды. Кедейлік, аштық пен әлеуметтік қиындықтың себептері күрделі. Жеке дағдыны дамыту маңызды, бірақ қоғамдық қолдау мен әділетті жағдайдың орнын баспайды. Өз өміріңізде өзгертуге болатын тұсты іздей отырып, өзгенің де қадір-қасиетін сақтаңыз.

Өмір ойыны

Өмірді ойынға теңеу кейде дағды мен рөлдерді байқауға көмектеседі. Бірақ ауру, кедейлік немесе зорлық ойын емес. Адам қиналып жүрген жағдайын өзі таңдап алған деп қорытынды жасауға болмайды. Бұл метафораны тек өзгертуге болатын мінез-құлық үлгілерін қарастыру үшін қолданайық.

Өзіңізге: «Қазір қандай қолдауға мұқтажбын? Қай шешімді өзім қабылдай аламын? Неге қорқып жүрмін?» деп сұраңыз. Көмекке мұқтаж болу — әлсіздіктің дәлелі емес. Ал жауапкершілік өз мүмкіндігіңізден артық жүк көтеру дегенді білдірмейді.

Дәрменсіздікті немесе ауруды автоматты түрде манипуляция деп бағалау әділетсіз. Дене мен психикалық күй өзара әсерлескенімен, барлық ауру ойдан туындамайды. Ауырып жүрген адамға айыптау емес, тиісті тексеру, ем және қолдау керек. Өзіңізді бақылау дәрігерге белгілерді түсіндіруге көмектесуі мүмкін, бірақ медициналық көмекті алмастырмайды. Қолдау сұрауға және шамаңызға сай өмір сүруге құқығыңыз бар.

Күту — бұл тұзақ

Неліктен біз сау, бақытты, бай болу, ұзақ өмір сүру, өз ісімізді ашу, ғашық болу, қарым-қатынас жасау, жеке өмірімізді жақсарту үшін дұрыс оңтайлы сәтті күтеміз? Күту — бұл тұзақ. Біз депозиттің пайыздық мөлшерлемелері көтерілгенше күтеміз, экономикалық жағдай (инфляция) жақсарғанша күтеміз, орта өзгергенше күтеміз, той қашан болады деп күтеміз. Қаншама уақыт пайдалы білімге, әрекетке емес күтуге кетіп жатыр. Күтуге, кейінге қалдыруға, уақытты жылжытуға әрдайым себеп бар. Ал бірақ кітап оқуға, ғылым ізденуге, иманға келуге себеп жоқ.

Егер көмек келмесе ше?

Сырт көзге табысты көрінетін адамның да ауыр күйзелісі болуы мүмкін. Байлық пен танымалдық ішкі қиындықтардан толық қорғамайды. Мұндай жағдайды тек «өзі бақытты болуды таңдамады» деп түсіндіру орынсыз. Кейде жақындардың қолдауымен бірге кәсіби көмек қажет болады.

Жеке бастама мен қоғамдық қолдау бір-біріне қарсы емес. Адам өзі үшін әрекет ете алады және сонымен бірге әлеуметтік қызметке, жақындарының көмегіне немесе қауіпсіз ортаға мұқтаж болуы мүмкін. Өзіңізге көмектесу — өзгелердің көмегінен бас тарту емес. Ал қоғамды жақсартуға бағытталған жұмыс жеке өзгеріспен қатар жүре алады.

Өзгерістер бірінші іште басталады

Көзқарасты өзгерту әрекетімізге әсер етеді, ал ортаны өзгерту жаңа дағдыға жағдай жасайды. Сондықтан ішкі және сыртқы жұмысты қатар қарастыру қажет. Бір адам әдетін өзгерте алады, екіншісі қауіпсіз жұмыс іздейді, үшіншісі көмекке жүгінеді. Әрқайсысы — нақты өзгерістің бір жолы.

Өзгенің сізге жасаған зияны үшін жауапкершілік сол әрекетті жасаған адамға тиесілі. Зардап шеккен адамды «ерікті құрбан» деуге болмайды. Өз өміріңізге ықпал етуді қайтару — болған оқиға үшін өзіңізді кінәлау емес. Қауіпсіздік іздеу, шекара қою, қолдау алу және өзіңізге уақыт беру де саналы қадамдар.

Сәттілікке апарар жолдың басы

Өз ойыңызды байқау және тексеру — пайдалы дағды. Бірақ ішкі дауыс қателеспейтін кеңесші емес. Оның айтқанын дерекпен, құндылығыңызбен және ықтимал салдармен салыстырыңыз. Өзіңізді тану «Мен бәрін білемін» деген сенімнен емес, «Нені түсінбей жүрмін?» деген сұрақтан да басталады.

Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дәл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл эгоизмнің де даусы болуы мүмкін.

Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды және бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің әрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз — және ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.

2-тарау. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық

Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (бақылау) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық әрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз және тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім және ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз әрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сәйкес әрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.

Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам және т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нәтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды және «өзіңіз туралы ой-пікір» — «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мәжбүр етеді. Біздің әрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен…» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз және ол соңғы өлім сәтіне дейін маңызды. Тек шын мәнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).

Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмән келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай әрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.

Мәңгілік құпия

Адамның қадір-қасиетін мойындау үшін оны мінсіз немесе Жаратушының бір бөлшегі деп түсіндіру қажет емес. Мен үшін рухани өсу — жаратылған адам ретінде өз шектеуімді біле отырып, адалдыққа, мейірімге және жауапкершілікке ұмтылу. Ғылым адамның «жоғары Мені» Құдаймен біртұтас екенін дәлелдеді деуге болмайды.

Энергияның сақталу заңы физикалық жүйелерге қатысты. Ол жанның өлмейтінін немесе ақыретті ғылыми жолмен дәлелдемейді. Ақыретке сенім — діни дүниетанымның мәселесі; оны физикалық энергиямен теңестіру екі ұғымның да мағынасын бұрмалайды.

Бұл кітаптағы «жоғары Мен» тіркесін адамның ар-ожданға, құндылыққа және саналы таңдауға сүйенетін қырын бейнелейтін шартты атау ретінде түсініңіз. Ол жеке ғылыми құрылым немесе Жаратушының адамдағы бөлігі дегенді білдірмейді.

Сіздің шынайы кім екеніңіз амал-әрекетке байланысты емес

Кім екеніңіз (болмыс) және амал-әрекетіңіз бір нәрсе емес, бірдей емес. Өйткені амал-әрекет — салдары, ал кім екеніңіз — себебі. Сіздің Болмысыңыздың (ішкі жан-дүние) салдары амал-әрекет болып табылады. «Болу» мен «істеу, жасау, қимылдау» арасындағы айырмашылықты түсіну керек.

Адамның қадір-қасиеті денсаулығына немесе мінсіз әрекетіне байланысты емес. Қателікті мойындау мен өзіңізді құрметтеу қатар жүреді. «Мен қателестім, бірақ оны түсініп, түзетуге тырыса аламын» деген сөз өзіңізді тұтас жоққа шығармай, жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.

Өзіңіз туралы жылы ой айтқанда, ішіңізден қарсылық тууы мүмкін. Бұл сізде міндетті түрде «жаман эго» бар дегенді білдірмейді. Кейде жаңа сөз бұрынғы тәжірибеге қайшы келеді. Асыра мадақтаудың орнына, сенуге болатын нақты тұжырымнан бастаңыз: «Маған қиын, бірақ бір қадамды байқап көруге болады».

Сіз өзіңізбен, ортамен қандай іс-әрекеттер жасадыңыз? Сіз осы уақытқа дейін жасап келген барлық амал-әрекеттеріңіз есіңізде ме? … жылы, айы, күні қандай күнә-қателік жасадыңыз? Бұл нонсенсті (мағынасыз сұрақтарды қоюды) өткізуді тоқтатыңыз!

Өткен әрекетіңіз сіздің бүкіл болмысыңызды толық сипаттамайды. Дегенмен оның салдарын мойындап, қажет болса түзету — жауапкершіліктің бөлігі.

Ар-ождан, қажеттілік, сезім және саналы таңдау адамның өмірінде өзара әсерлеседі. Оларды бірін «құдайлық», екіншісін «хайуани» деп кемсітетін сызбаға бөлу қажет емес.

Эго (нәпсі) сізді алдағысы келеді

Сіздің жаныңызды сақтау үшін, сіздің қазіргі қалыптасқан сенім деңгейін сақтау үшін, «эго» сізді алдауға тырысады. Егер сіз өзіңіз туралы бар шындық пен ақиқатты білсеңіз, өзіңіздің «Эгоизміңіз» зардап шегуі мүмкін. Дүниені қатты сүйетіндерге ақиқат ауыр келеді.

Эго (нәпсі) сізді өзіңіздің шынайы кім екеніңізге қарай емес, не істеп жатқаныңызға қарай баға беруге мәжбүр етеді. Ол сіздің әрекеттеріңіз бойынша, өзіңіз туралы кезінде қате шешім қабылдағаныңызды және өзіңіздің және басқа адамдардың үміттерін ақтамағаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінгеніңізді қалайды. Сіздің эгоизміңіз сізді адастыруға тырысатындығын түсінуіңіз керек. Ішкі үйлесімді (гомеостаз) сақтау үшін, «Эгоға (нәпсіге)» мұндай мүмкіндік бермеу керек. Керісінше біз эгодан (нәпсіден) жоғары көтерілуіміз керек. Өзіңіздің миыңыздағы «Мен» суреті сіздің шынайы болмысыңыз емес. Өзіңіздің кемелдігіңізді растау осы тұзақтан шығуға көмектеседі. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік — мұны істемеу. Өмірді өзгертудің алғашқы және маңызды қадамы — өзіңіз туралы шындықты білу, жан мен тән арасында рухани тұтастық, татулық, бірлікті қалыптастыру, дүние мен ақырет арасында толық үйлесім (баланс) орнату және кемелді екеніңізді түсіну екенін ұмытпаңыз.

Эго (нәпсінің) дауысын қалай ақырын бәсеңдетуге болады?

Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

1) Біз өмірімізде ақпараттарды саналы түрде ақылмен қабылдаймыз.

2) Біз оны Бейсанаға шындық деп жазамыз.

3) Өмір бақи сол қалыптасқан шындыққа сеніп өмір сүреміз.

Өзіңізді және өзгені қабылдау — бәрін мінсіз деп санау емес. Бұл адамның қадір-қасиетін мойындай отырып, оның әрекетін бөлек бағалау. Қате әрекетке шекара қою мен адамды кемсітпеу қатар жүреді.

Сіз өзіңізді өзіңіз жасадыңыз

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-әлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тәсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп — негізінен сіз осының бәрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

Өзіңізді қабылдаңыз

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, әлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, әлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мән беру керек.

Жеке тұлғаны таңдаулы ерекшеліктермен қалыптастыру мүмкін емес екенін түсініңіз. Біз бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз, өйткені біздің адамға тән қасиеттеріміз ортақ. Сондықтан ақиқат пен өмір заңдылықтары, болмыс барлық адам үшін бірдей, дегенмен адамдар әртүрлі. Сіздің мінезіңіз басқа біреуден алынған болса да, сіз әлі де жалған емессіз. Сіз шынсыз, өйткені жеке бөлшектерді бір композицияға жинауға болады. Октавада тек сегіз нота бар екенін ұмытпаңыз, дегенмен олардан жүздеген мың әдемі және ерекше әуендер шығады. Мұның себебі олардың үйлесімінде.

Сіз басқа адамдардан қандай да бір ерекшеліктерді қабылдағаныңыз, сізді ерекше етпейді. Ең бастысы, сіз өзіңізді жасағаннан кейін, қалыптасып қойғаннан кейін, сіз кез келген уақытта өзіңізді өзгерте аласыз. Бұл процесс шексіз жалғасуы мүмкін. Егер сіз кенеттен өзіңіз ойлағаныңыздай емес екеніңізді байқасаңыз, бұл проблема емес. Керісінше, мұны түсіну проблеманы шешудің алғашқы қадамы болып табылады. Өміріңізді өзгерту және одан ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудыратын барлық нәрсені жою үшін алдымен өзіңіздің қандай да бір шындығыңызды қабылдамау немесе жоққа шығарудың пайдасыз және мағынасыз екенін нақты түсінуіңіз керек. Өзін-өзі ұнатпаудың себебі — біздің «Идеалды Мен» туралы ойларымыз. Бұл ойды қалыптастыратын — туыстар, замандастар, достар, дін немесе үкімет, интернет немесе әлеуметтік желілер және жалпы қоғамның пікірі.

Бостандық өзін-өзі қабылдаудан басталады

Өз эгомыздың желісінде бола отырып, біз өзімізді қабілетсіздікке, сенімсіздікке, ақымақтыққа (надандыққа) және басқа да кемшіліктерге сендіреміз. Бұл өзіне-өзі баға берудің төмендігі, өзін кінәлі сезіну немесе өзін-өзі қамтамасыз ете алмау, өзіне-өзі жеткіліксіз болудың салдарынан.

Өзіңізді қабылдау қиындықты өзіңізді кемсітпей байқауға көмектеседі. Бұл әрбір әрекетіңізді мақұлдау деген сөз емес. Өзіңізге қамқорлық пен өзгеге деген сүйіспеншілік қатар дами алады. Жақын қарым-қатынас құру үшін алдымен өзіңізге толық риза болу міндетті емес.

Өзіңізді қабылдау, кешірім және өзгеріс өзара байланысты болуы мүмкін, бірақ оларды міндетті теңдікке айналдыруға болмайды.

Өзін бағалау адамның жетістік пен сәтсіздікті қалай қабылдайтынына әсер етеді. Бірақ ол өмірдегі барлық нәтижені түсіндірмейді. Мәселені талдағанда өз шешіміңізді де, сол шешім қабылданған жағдайды да ескеріңіз.

Бәріне ұнау мүмкін емес. Бірақ бұл сіз ешкімге керек емессіз дегенді білдірмейді. Жақындардың қолдауы мен өзіңізге қамқорлық бірін-бірі толықтыра алады. Біреу таңдауыңызды құптамаса да, өзіңізге деген құрметті сақтауға тырысыңыз.

Сізді түсінбегендер туралы ойланып көріңізші, олар сіздің ұмтылысыңызды мақұлдаған жоқ, себебі сіз бәріне бірдей ұнай алмайсыз, сондықтан өзіңізге ұнайтынды және өзіңізді өзіңіз сияқты жақсы көруді үйреніңіз.

Өзіңізді сәтсіздіктермен бірдеймін деп санамаңыз

Сәтсіздік нақты әрекеттің нәтижесін сипаттайды, бүкіл тұлғаңыздың құнын емес. Не шыққанын, не шықпағанын және нені өзгертуге болатынын талдаңыз. Өзін құрметтеу жауапкершілікті жоймайды, осы талдауды өзіңізді қорламай жүргізуге көмектеседі.

Өзіңізді қандай да бір әрекеттер немесе әрекетсіздік үшін айыптап, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз. Өз-өзін сәтсіздікке ұшыратудың жолы бөлек, өз-өзінің қабілетін ашудың жолы бөлек. Мынаны түсініңіз, біздің барлық қиналғанымыз, бақытсыздығымыз және айналамыздағы өмірге деген ашушаңдық, өзінің немесе басқа адамдардың үміттеріне сәйкес келмегендіктен, ақтай алмағандықтан өз-өзінен көңілі қалғандықтан болады.

Өзін — өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі — өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға және қол жеткізген нәтижеге қарай бағалаймыз. Біз сәтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сәтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тәлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».

Бұл өзін-өзі не басқаны сынау деп аталады. Сыни ойлау, өзіңізді сынға алу — бұл өзіңіз туралы жаман ойлау. Өзіңізді айыптай отырып, сіз жағымсыз эмоцияларды сезінесіз. Өзін-өзі сынау адамның өзіне-өзі әділ баға беруін жояды. Ол адамға оң, жағымды, позитивті ештеңе бермейді, оның салдары толығымен жойқын. Біздің әрқайсымыз, әрине, біраз әрекеттер жасаймыз, кейіннен өкініп қаламыз, бірақ бір сәттері біз өкінуді тоқтатып, әрі қарай өмір сүруді жалғастырамыз. Бұл бізге өмір үйреткен сабақ.

Егер сіз өзіңізге қарсы болсаңыз, сіз біреу үшін болыса алмайсыз. Ал басқаларға қарсы болу-өзіңе қарсы болу. Эзотериктер ғана емес, психологтар да келіседі. Сындар көбінесе жалған, орынсыз, не айтып не қойғанын білмейтін, ақиқатқа сай келмейтін болып келеді. Ондай сындар адамның жан жарығын өшіреді. Біреудің даралығын басу және біреудің өміршеңдігін бұзу өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың ең нашар көрінісі болып табылады.

Өкпе-реніш туралы ұмытыңыз

Кешіруге мәжбүрлеуге болмайды. Ол жеке таңдау болуы мүмкін, бірақ сауығудың немесе бақытты болуға құқықтың шарты емес. Кешіре алмасаңыз немесе кешіргіңіз келмесе де, ауырсынуды мойындап, өзіңізді қорғап, біртіндеп қалпыңызға келе аласыз.

Адамдарды ренжіту арқылы бақытты болу мүмкін емес екенін біліңіз. Психикалық тәжірибе физикалық күйде көрінеді. Сіз біреуге ашуланып болмайынша қалпыңызға келмейсіз, адам ашуланған кезде ес жоғалтады. Жалпы теріс, негативті, жағымсыз эмоциялар иммунитетті төмендетеді. Есіңізде болсын: кімді ренжітсеңіз де, сіз өзіңізді ренжітесіз, өйткені біз бәріміз біргеміз. Барлығы байланысқан ортада өмір сүреміз. Жағымсыз, негативті сезімдердің орнына жағымды, позитивті сезімдерге алмастыруды үйреніңіз.

Көптеген философиялық және діни тезистер бір нәрсе әрқашан басқа нәрсеге қарағанда жақсырақ деген тұжырымға негізделген. «А» әрқашан «В» — дан гөрі жақсы. Мұндайға жол бермеңіз, себебі бұл тор. Басқалар сіз үшін «дұрыс» деп санайтын нәрсені ұмытыңыз. Есіңізде болсын, сіз жалпы «Шексіз Күш-Қуат» көзімен әрқашан байланыстасыз, олай болса сіз өзіңіз үшін не жақсы екенін өзіңізден артық ешкім білмейді.

Барлығына ұнауға деген ұмтылыс — бұл психологиялық өлім

Бұл оқиға шамамен 700 жыл бұрын болған. Ұлы ұстаз, көпті көрген, ысылған тәжірибелі, бедел-даңқымен құрметті болған екен. Одан шәкірттері мен адал ізбасарларі одан «өлімнен қорқасыз ба?» деп сұрады. «Ия, — деп жауап берді, Бірақ мен өлімнің өзінен емес, «жаратушымен кездесуден қорқамын» деді.

«Бұл қалай сонда? — деді олар. Сіз бар өміріңізді діни ғылымға арнап, „Жаннатқа лайықты“ болатындай өмір сүрдіңіз. Сіз Мұса халқын құлдықтан босатқан сияқты бізді де надандықтан, қараңғылықтан, жарыққа шығардыңыз. Сіз Сүлейменнің даналығымен арамыздағы дауларды шештіңіз».

Бұл сөздерді естіген ұстазы ақырын ғана жауап берді: «Мен Жаратушының алдында тұрғанда, ол мені Мұса немесе Сүлейменге ұқсағаным туралы сұрамайды. Ол менен Сен өз тағдырыңа риза болдың ба?» деп сұрайды. Ал мен өз тағдырыма жеткілікті деңгейде разы болған емеспін, сондықтан қорқамын.» деген екен.

Көріп отырғаныңыздай, ақылды адамдар ежелден бері өзі болуға, разы болуға тырысқан. Неге кей адамдар әлі күнге дейін өзі бола алмай, разы бола алмай жүр? Себебі олар бәріне бірдей ұнауға тырысады. Адамның көңілін табамын деп ешқашан ойламай-ақ қойыңыз. Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнаймын деп адам әртіс болады, маска тағады. Бастығына, күйеуіне емесе әйеліне, ата-анасына, балаларына ұнаймын деп артынан «қадірімді білмеді» деп әңгіме айтады.

Біз тек өзімізге жауап береміз. Сондықтан басқалардың пікірі немесе мақұлдауы (поощрение) маңызды болмауы керек. Сіз өзіңіздің өміріңіз үшін жауап бересіз. Сіз өз әрекеттеріңіздің нәтижелері мен өміріңіздің мән-жайы үшін жауап бересіз.

Әр түрлі жалған құндылықтар мен неше түрлі ақиқаттан алыс қате сенім мен түсініктің кесірінен, отбасылар айырылысып, ажырасып, рухани біріге алмай жатады, кей отбасылар жойылып кетіп жатыр. Олардың өмір салтының дұрыс болмауы, бүкіл өмірі бұрыс ойларға негізделгенін дәлелдейді. Қарама-қарсы сенімдер соқтығысқан кезде күрес басталады. Бірақ ақиқаттың мәнін білгендерге басқалардың сенімі қауіп төндірмейді. Тек өзіне күмәнданған және өзінің шынайы «Мен» туралы білмейтін адамдара ғана қауіп пен қорқыныш бар.

Сіз өзіңізге қалай қарайсыз?

Сіз өзіңізді көресіз бе, (ішкі көзқарас/сыртқы көзқарас) тыңдайсыз ба (ішкі дауыс/сыртқы дауыс)? Көп адам өзін көрмейді, естімейді. Айтыңызшы, сіз өзіңізді жақсы көресіз бе? Сіз өзіңізге сенім артасыз ба? Сіз берілген уәделерді орындайсыз ба? Сіз өзіңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба? Сіз күнделікті өмірде өзіңізбен адал қарым-қатынастасыз ба әлде өзіңіздің шынайы табиғатыңызды жасыратын адам болып көрінесіз бе? Сіздің адал достарыңыз бар ма, сатып кеткендері болды ма?

Мойындаңыз, сіз сатқындармен, «жаман» деп санайтындармен қарым-қатынасты сақтағыңыз келмейді. Өзіңізге деген көзқарас туралы ойланыңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. Көбінесе біз бәреуге емес өзімізге сатқын, жау болғандықтан нашар әрекет етеміз, әретеміздің берекесі жоқ. Біз жанымызға (ішімізге) қарауға қорқамыз, ол жерде көргендеріміз бізге мүлдем ұнамауы мүмкін деп күдіктенеміз. Адамдардан өзін білгісі келеді, бірақ шындықтан қорқады, оны өзгертуден, жақсартудан вообще қорқады. Адамның ойлағысы келмейтіні де содан. Өзінің ішінде қандай құбыжықтар жүргенін білмейді. Сіз өзіңіз туралы шындық қорқыныш тудырмайтынын нақты түсінуіңіз керек. Бұл өмірде қорқатын еш нарсе жоқ. Тек Құдайдан ғана қорқыңыз. Басқа адамдарды сыйлаңыз, құрметтеңіз. Қаншалықты сіз ойлап тапқан қорқыныш қорқынышты болса да, Құдайдан басқаның бәрі әлсіз. Шайтан сізді қорқыта немесе ренжіте алмайды, бірақ азғыра алады. Қорқыныш себебі — адамдардың ақиқатты қабылдамауы және оны дұрыс түсінбеуі.

Өзіңізді түсінудің алғашқы қадамы

Ең қиын жұмыс — өзіңді зерттеу. Өзіңізді дәл қазірден зерттеуді бастаңыз, бұл сізге тек пайда әкеледі. Өз қорқыныштарыңызды түсініп, олардан арыласыз. Басқалардан жақсырақ немесе артағырақ болу туралы ойламаңыз. Себебі салыстыру деструкция. Өзіңізді өзіңіз сияқты және өзіңіз қалағандай білуге тырысыңыз.

Жартылай салынған үйді толық аяқтамай жатып кілт тапсыру ақымақтық. Сіз қанша жерден бақытты, бай, шетелде қыдырып жүрсеңіз де, сіз әлі жартылай адамсыз, сізге толық үйді соғып бітуге қосымша жұмыс қажет екенін мойындаңыз. Жартылай шала піскен адамдар толып жүр, бірақ өзін өте ақылды санайды. Өзіңізге олай қарамаңыз. Қазір қандай күйде болсаңыз да, өзіңізге әлі де жұмыс істеу керек екенін түсініңіз. Шыдамды болыңыз, ниетіңізде берік болыңыз, дұрыс шешім қабылдай білуді шынықтырыңыз. Өз қадір-қасиетіне жету, оны сезіну — бұл жеке сезім, бөтен емес. Өзіңізді басқалардың көзқарасы бойынша бағалай отырып, сіз ешқашан өзіңізді жақсы көре алмайсыз. Сіздің өз-өзіңізді түсінбеуіңізге ешкім кінәлі емес, бәрі өзіңізден. Егер сіз өз шынайы бағаңызды білсеңіз, онда сіз барлық адамдардың бағасын, қадір-қасиетін, құнын білесіз. «Шын Ақылды» адам өзін толық біледі. Ол өзінің шынайы өмірге не үшін келгендегі мәнін біледі, барлық адамдар туралы шындықты білмесе де, ақиқат пен өмір заңдылықтарын біледі және соған сай өмір сүреді. Бәрінің өмірге келгендегі мәні бірдей — үлгеру.

Өзіңізді өзіңіз сияқты біліңіз, содан кейін сіз басқаларды олар сияқты білетін боласыз. Өз әлсіздігіңізді ашудан ешқашан қорықпаңыз. Әлсіздікті ең бай, танымал адамдар да бар. Оны анықтау — өзіңізді танудағы алғашқы қадам. Есіңізде болсын: өзіңіз туралы не білсеңіз де, білген әрқашан білмеуден жақсы. Шындық қаншалықты ащы немесе күтпеген болса да, ол әрқашан конструктивті.

Сізге әрдайым жаңа білім қажет. Мен білімнің шегіне жеттім дейтіндер ақымақтық. Өткенннен бас тарту керек деген кезде сеніміңізге қайшы келуі мүмкін. Бірақ ақылды адам әрқашан гауһар үшін көмір кесегін құрбан етуге дайын. Қымбат нәрсені арзан нәрсеге айырбастамаңыз. Бұл қадамды жасауда батылдық танытыңыз, сонда сіз өзін-өзі жетілдіру жолына түсесіз. Өз өмірін өзгерту үшін, ешкімнен де рұқсат сұраудың керегі жоқ. Артық сұрақтар қоймаңыз, сізге таңдау жасау, шешім қабылдау, жоспар құру, әрекет ету жетіп жатыр. Сіз бұл өмірден жанның рухани азығын іздеп табу үшін жеке бостандыққа қол жеткізуіңіз қажет. Ал еркіндік пен бостандықты тек ақиқат бере алады. Міне осы шынайы тәуелсіздік, өзіңді дұрыс түсіну.

Сіз неден бас тартып жүрсіз

Өзіңдің неден бас тартып жүргненіңіз жайлы ойланыңыз. Егер сіз өзіңіз туралы шындықты біліп, дұрыс өмір сүруді шынымен шешсеңіз, көптеген адамдар оны ұнатпауы мүмкін, өйткені олар өзінен асып кетуі мүмкін адамнан қорқады. Сіз басқалар кедей өмір сүретіндіктен байлықтан бас тартасыз ба? Сіз миллиондаған адамдар емделмейтін аурулардан зардап шегетіндіктен денсаулығыңыздан бас тартасыз ба? Әрине жоқ, бірақ сіз шын бақытты болудан бас тартасыз, себебі сіздің эгоизміңіз бұл кітапты қабылдағысы келмейді. Өзіңізден бас тартқан нәрсені мұқият ойлаңыз және бір нәрсені қалау «жаман» екенін мәңгі ұмытыңыз. Бір нәрсені қалау күнә емес, ақиқатты қаламау қателік.

Өзін тану жолында қателесу мүмкін. Бірақ қателік сіздің бүкіл тұлғаңызды сипаттамайды. Өз әрекетіңізді байқау, үйрену және өзіңізді құрметтеу маңызды. Адамның қадір-қасиеті өзін қателеспейтін тұлға санауды немесе Жаратушымен теңестіруді талап етпейді.

Сіз спектакльдің (өмір атты ойын) және актерлердің (адамдардың) жалған сенімдерін қабылдауға міндетті емессіз. Орта, тағдыр ұсынған рөлді ойнауға да міндетті емессіз. Сіз өз өміріңіздегі рөлді өзіңіз қалыптастыруыңыз керек, дәл өзіңіз армандағандай. Өмір атты ойыннан, ортаның «Құлдық Санасынан» шығыңыз.

Өмір бұл кемені басқару сияқты рульде сіздің орныңызды басқа біреу болмауы керек. Сондықтан орта мен дүниеге, жалған діни түсінікке алданып, арман, мақсаттарыңыздан бас тартпаңыз. Есіңізде болсын: сәтсіздіктің бәрі уақытша.

Жалғыз билік — сіз өзіңіз

Әр адам — бір мемлекет, әр мемлекеттің билік басында патшасы болады, өз өміріңізде, биліктің басындағы патша тек өзіңізден басқа ешкім емес. Сондықтан абырой, бедел, мәртебе — бәрі өзіңіздің ішіңізде (миыңызда).

Бұрынғы сенімдерді сыни тұрғыдан қайта бағалап, өміріңізді адал түрде қайта қарастыра отырып, бір сәтте сіз өзіңіз үшін жалғыз патша бола алатындығыңызды түсінесіз. Әдетте біз сыртқы жақтан кеңес күтеміз, бірақ іс жүзінде біз не істеу керектігін тек өзіміз білеміз, бірақ бұл басқалардан үйренбеу керек деген сөз емес.

Зейінді, білімді адам да алдануы мүмкін. Алдау үшін жауапкершілік алдаған адамға тиесілі. Тәуекелді азайту үшін ақпаратты тексеріңіз, қысыммен шешім қабылдауға асықпаңыз және күмәнді ұсынысты сенімді адаммен талқылаңыз.

Неліктен шындықты өзгерткіңіз келеді?

Өзгелерді өз қателіктеріне кінәлау оңай, бірақ мұндай ойлау арқылы біз өзіміздің қолдарымыз бен аяқтарымызды шынжырмен байлаймыз, өйткені біз өз еркімізге шек қоямыз. Тағы бір рет қайталаймын: дұрыс ойлау дегеніміз — бізде не істеп жатқанымыз бен кім екеніміздің арасындағы айырмашылықты түсінуді білдіреді, яғни іс-әрекетті орындаушыдан бөлу. Себеп орындаушыда оның салдары амал-әрекеттер. Қайық (орындаушы) суда («күнә» амалдар) болуы керек, ал қайықтың ішінде су болмауы керек. Әйтпесе сіз батасыз, тұншығасыз. Қайық аударылып түсуі да мімкін, себебі қатты толқындар (зұлымдығын таратушы залымдар) бар, олардан да абай болу керек.

Көбінесе біз өзіміз жасайтын жағдайлардың тұңғиығына түсеміз. Бұрыс әрекет жасаймыз, жасай береміз және ақыры қайық батады. Бұл адам дүниеден жеңілді деген сөз. Ақиқатты өзгерту мүмкін емес. Бірақ шындықты әлі де өзгертуге болады. Негізі дұрыс тізбек қалай болу керек еді — дұрыс қабылдау, дұрыс ойлау, дұрыс амал-әрекет жасау, тура жолда өзіңіді алып жүру.

Өзара көмек — қарым-қатынастың табиғи бөлігі. Ешкім сіздің орныңызға өмір сүре алмайды, бірақ басқа адамдар қолдап, білімін бөлісіп, әрекет етуге көмектесе алады. Дербестікті сақтап, өзгенің шекарасын құрметтей отырып көмек сұрауға болады.

Адамдар мен жағдайлар біздің келісімімізге қарамастан нақты зиян келтіруі мүмкін. Өз реакциямызды реттеу кейде көмектеседі, бірақ қорғану және қауіпті жағдайды өзгерту қажеттігін жоймайды.

Орта адамға әсер етеді, ал адам ортаға ықпал ете алады. «Мен = орта» деген теңдік бұл байланысты тым қарапайым көрсетеді. Біз өмір сүретін жағдаймен толық тең емеспіз және айналамызда болғанның бәріне жауап бермейміз.

Қиындыққа тап болу санаңызда жасырын жалғандық бар екенін дәлелдемейді. Кейде жағдайды, кейде әрекет тәсілін, кейде күтуді өзгерту қажет. Мысалы, жөндеу үйді жақсарта алады, бірақ жалғыздықты шешпеуі мүмкін. Нақты қандай қажеттілікті қанағаттандыруға тырысып жүргеніңізді анықтаңыз.

3-тарау. Сенім проблемасы

Өмір көрсеткендей, адамның іс-әрекеті оның нақты қабілеттерімен емес (қате сенім), оның қабілеттері туралы ой-пікірімен анықталады. Демек, көзқарасты өзгерту арқылы мінез-құлықты өзгертуге болады.

Көзқарас (өзіңе, өзгеге, өмірге, Құдайға) = Мінез-құлық (таңдау, шешім, амал, іс-әрекет)

Адамның бейсанасына ол өзі туралы ойлағанның бәрі жазылады. Бала негізінен тек эмоциялармен жұмыс істейді, сондықтан ол эмоцияларды еске түсіреді. Содан кейін өсе келе бұл эмоцияларға ақыл-ой бейнелері (визуализация) қосылады, олар сөйлей ала бастағаннан кейін ауызша анықтамаларға (аффирмацияға) ие болады және белгілі бір сенімдермен байланысады. Ересек адам бейнелі (визуализация), эмоционалды (аффективті) және ауызша (аффирмация) ойлаудың үйлесімімен сипатталады. Әдетте, осы түрлердің біреуі басым — көбінесе ауызша, бірақ қазіргі заманда бірыңғай бейнелі болып кетті.

Ойды ішкі сөзден, бейнеден және оларға байланысты сезімнен байқауға болады. Есте сақтау әрбір тәжірибені дәл көшірме ретінде жазбайды. Өзіңізді бақылай отырып, болған оқиға мен оны қалай түсіндіргеніңізді ажыратуға тырысыңыз.

Бір отбасының балалары да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Бұған даму ерекшелігі, темперамент, қарым-қатынас, тәжірибе және оқиғаны түсіну тәсілі әсер етеді. Айырмашылықты тек оқиғаға деген жеке көзқараспен түсіндіру дұрыс емес.

Барлық ой мен сезімді толық бақылау мүмкін емес. Бірақ оларды байқап, келесі әрекетті таңдауды үйренуге болады. Ауыр сөз өзін бағалауы тұрақты адамға да тиюі мүмкін. Бұл оның кінәсі немесе әлсіздігінің дәлелі емес.

Қалыптасып қалған сенімнен арылу оңай емес

Ақиқатқа қандай да бір сенімділік таныту керек, біз оған бірден қарама-қайшы ой-пікірлер теңізіне құтқару шеңберін лақтыра бастаймыз. Біз психикалық ыңғайсыздықты сезінбеу үшін екі қарама-қарсы пікірді ұстануға қабілетіміз жоқ. Сондықтан біз өз сенімімізді дәлелдеу және ақтау үшін растайтын ақиқатқа қарсы ақпаратты жинай бастаймыз.

Бұл сіздің Шынайы «Мен»ді іздеуге кедергі келтіруі мүмкін, өйткені біздің әрекеттерімізде біз әділ шындықты емес, Ғылым заңдылықтарын емес, жалған, өтірік ережелерді басшылыққа аламыз. Кейде біз ұзақ уақыт бойы бізге пайда әкелуді тоқтатқан пікірлер мен сенімдерге жабысуды жалғастырамыз. Сондықтан сіз өзіңізді алдамайтыңызға және сіз үшін жаңа, пайдалы ақпаратқа қарсы болмайтыныңызға көз жеткізу үшін, өзіңіздің сенім жүйеңізді қайта қарауыңыз керек. Неліктен біз мұны істемейміз, неге шындық пен ақиқатты мойындағымыз келмейді? Себебі біз қателесуден, қателіктерімізді көруден немесе жағымсыз эмоциялардан, жасаған күнә амалдардан қорқамыз. Қорқатын біздің сақтаушымыз, Бейсанамыз.

Барлығы ішкі диалогтан басталады

Біз үнемі ішкі диалогты жүргіземіз. Сырттан келген ақпаратты көреміз және естиміз, одан кейін сол туралы ойланамыз, сосын өзімізбен өзіміз талқылаймыз.

Ақпаратты қабылдау, оны түсіндіру және эмоциялық жауап өзара әсерлеседі. Ішкі диалог — осы үдерістің бір бөлігі.

Бұл процесс ойлаудың үш түрін біріктіреді: ауызша, бейнелі және эмоционалды. Сөздер белгілі бір ақыл-ой бейнелерімен байланысты, ал олар өз кезегінде эмоционалды реакцияны тудырады, осылайша ішкі диалог біздің өзіміз туралы сенім мен түсінігімізді қалыптастырады немесе өзгертеді.

«Мен» бейнесі (сенім+түсінік) ортаға байланысты, бала кезінен бастап, бейсанада сақталған. Ойлардан, пікірлерден, қарым-қатынастардан қалыптасады. Ол біздің ойлауымыз бен мінез-құлқымызды басқарады. Қиялда қандай да бір жағдайды суреттей отырып, біз бұл бейнені бейсанада сақтаймыз және одан құтылу туралы саналы шешім қабылдағанға дейін оны ұстаймыз. Егер сіз өзіңіздің ойларыңызды өзгерткіңіз келсе, онда сіз ішкі диалог пен визуализацияны жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруға көмектесетін жаңа «сенім мен түсінік» жасау құралы ретінде пайдалана аласыз.

Кез келген маңызды және ұзақ мерзімді өзгеріс алдымен ақылда (аффирмация) немесе қиялда (визуализация) болады, содан кейін іс жүзінде жүзеге асырылады. Сіздің кез келген тұжырымыңыз бейсанаға әсер етеді, сондықтан өзіңіз туралы не айтатыныңызды мұқият қадағалаңыз. Есіңізде болсын, өзі туралы ой-пікір біреудің емес, өзіңіздің ой (сөз) негізінде қалыптасады. Орта әсер еткенмен кінәлі емес, соңғы нүктені (амал-әрекет) әрдайым өзіңіз қоясыз.

Қайталанған сөздің әсері

Қайталанған ауыр сөз адамның өзін бағалауына әсер етуі мүмкін. Бірақ «бейсана шындық пен қиялды мүлде ажыратпайды» деген тұжырым тым жалпылама. Біреу сізді кемсіткенде, оның сөзі сіздің қабілетіңіздің дәлелі болмайды. Сол пікірді нақты тәжірибемен салыстырыңыз, қажет болса сізді қолдайтын адаммен талқылаңыз.

Өзіңіз туралы бір ойды жиі қайталау оны таныс әрі сенімді етіп сезіндіруі мүмкін. Бұл оның ақиқатқа айналғанын білдірмейді. «Мен ақымақпын» деген жалпы бағаның орнына, нақты қиналған әрекетті атаңыз және нені үйренуге болатынын анықтаңыз. Ауыр ойдың болуы өз басыңызға жамандық шақырады деген сөз емес.

Сіңірген еңбек пен жұмсалған уақыт ақталады

Нәтиже күту жұмысты жалғастыруға көмектесуі мүмкін, бірақ оған кепілдік бермейді. Нақты өзгерісті байқап, жоспар көмектеспесе, оны қайта қараңыз. Уақыт пен күш бағалы, сондықтан олардың неге жұмсалып жатқанын түсіну пайдалы.

«Өз-өзін сендіру» тұйық шеңбері

Өзіміздің «Мен» бейнесі (өзім жайлы ой-пікір) біздің әрекеттеріміздің нәтижесіне әсер етеді. Біз әрқашан өзіміз туралы сенім мен түсінікке сәйкес әрекет етеміз. Біз басқаша әрекет ете алмаймыз. Сізге тырысуға болады, бірақ сіз бейсанада қалыптасқан шындықты жеңу үшін көп күш салуыңыз керек. Біз автоматты түрде бейсанада көрсетілген «Мен» әрекеттерін жасаймыз. Бұл өз кезегінде ішкі диалогтың нәтижесі. Ішкі диалог арқылы адам, өз-өзін сендіруден түсінік қалыптастырады. Біз автоматты түрде бейсанаға сәйкес әрекет етеміз, тіпті өз әрекеттеріміздің салдары туралы ойламаймыз. Содан кейін біз бұл әрекетті ішімізде өзімізбен өзіміз талқылай бастаймыз. «Мен дұрыс істедім» немесе «Негізі бар ғой ше… Мен дұрыс істемедім» деп өзіміз туралы пікірді одан да жарқын етіп бекітеміз. Осындай қысқа ойлар (ішкі сөз) арқылы адам өз-өзін сендіреді. Ал енді тұйық шеңбер қалай қалыптасады:

1) «Мен не істеу керек екенін өзім білемін және үйретпей-ақ қойыңдар»

2) «Маған басқаның бағасы да, сыны да керек емес»

3) «Мен өз-өзіммен сөйлесетін жынды адам емеспін»

4) «Менің өзіме деген көзқарасым әрқашан дұрыс»

5) «Мен ешқашан сәтсіздікке ұшырамаймын»

6) «Мен кітап оқығым келмейді, маған жұмыс істеп отбасын асырау керек»

Бұл адамның басқаларға айтатын сөзі, яғни сыртқы ортамен қарым-қатынас, ал сол адамның өзіне айтатын сөзі, яғни ішкі қарым-қатынас мүлдем басқаша:

1) «Мен жасай алмадым, қолымнан келмеді»

2) «Әрдайым осылай қателесе беремін»

3) «Неге ештеңе өзгермейді»

4) «Неге менде ғана проблема бар»

5) «Мен қайтадан сәтсіздікке ұшырадым»

6) «Мен шаршадым, ажырасуым керек»

Өзінің немесе өзгенің үміттерін ақтамау арқылы көптеген адамдар бейсанада теріс тәжірибені жинақтайды. Содан кейін мұндай мәлімдемелер оң нәтиже бермейді, керісінше біздің өзімізге деген теріс көзқарасымызды арттырады. Біз өз үміттерімізді тағы бір рет ақтауымыз керек. Үміт ақтау проблема емес, өзіңмен айналысқың келмеу, кітап оқығың келмеу, ойланбау проблема.

Өз іс-әрекеттеріңіздің тиімділігін қалай арттыруға болады

Өзін-өзі сынау (критика) екіге бөлінеді деструктивті және конструктивті өзін-өзі сынау. Біз өз үміттерімізді ақтамайтын сәттерде өзімізді сынамауға үйренуіміз керек, өйткені деструктивті өзін-өзі сынау бізге көмектеспейді.

Өз іс-әрекеттеріңіздің тиімділігін қалай арттыруға болады? Біріншіден, өсіп тұрған бірінші ағашты кесіңіз, ол өзін-өзі құртуға бағытталған, сынауға, кемсітуге деген ұмтылыс. Өзіңізге айтыңыз: «Болды! Тоқта!» Содан «Бұл Мен емес» деп айтыңыз. Соңында, шешуші сөздерді айтыңыз: «Келесі жолы мен…» Келесі жолы қалай әрекет ететініңізді сипаттап, жазыңыз.

Өзіңіз туралы, өзіңізге деген жағымсыз көзқарас туралы ұмытыңыз. Мен сізді өзіңіздің немесе басқа адамдардың қателіктерін елемеуге шақырмаймын, керісінше қателіктерге бой алдырмауға шақырамын. Өзіңізге: «Келесі жолы мен қателік жасамаймын» деп айтыңыз. Осы тұжырыммен сіз өзіңіздің бейсанаңызбен бірден оң пікір қалыптастырасыз. Теріс тәжірибенің орнына ол болашақта конструктивті көзқарасты есте сақтайды. Өзіңіздің «Мен» деген оң имиджіңізді нығайту немесе теріс болса, оны жақсарту үшін, өз әрекеттеріңіздің қажетті нәтижесін елестетіп, неден аулақ болғыңыз келетіні туралы ойлануды және сөйлесуді тоқтатыңыз. Егер сіз өзіңіздің іс-әрекеттеріңіздің нәтижесіне қанағаттансаңыз және ақыл-ойдың көтерілуіне тап болсаңыз, онда бұл оң тәжірибені сындарлы, прагматикалық ішкі диалогтың көмегімен бейсана ішінде бекітуге тырысқаныңыз. Өзіңізге: «Мен осындаймын…", «Мен ешкімге ұқсамаймын» деп айтыңыз. Позитивті ішкі тұжырым — бұл өзін-өзі бағалауды арттырудың ең жақсы тәсілі. Оның көмегімен сіз ішкі сыншының (эго) дауысын саналы түрде өшіресіз және айналаңыздағы адамдар сізге жүктеуге тырысатын жағымсыз, теріс, негативті пікірлерден өзіңізді қорғайсыз. Оң, жағымды, позитивті сөздерді ішкі диалогтың көмегімен Бейсанаға бекітуге тырысыңыз. Позитивті, адекватты ішкі тұжырым өзіне-өзі әділ баға берудің ең жақсы тәсілі.

Сіз өзіңізге қалай қарайсыз?

Отбасыңызда бәрінен «Мен Қандаймын?» деп сұрап көріңісші, әрине батылдығыңыз жетсе, сіз ең бірінші «біртүрлі, не деп жауап береді?» деп ойлайсыз. Бұл стресс тест деп аталады. «Әке (Ана) Мен Қандаймын?» деген сияқты, көп балалар не қорқады, не ұялады, ал әке-шешесі өлсе де баласына ондай сұрақ қоймайды, себебі ол өзінің баласының алдында дәрежесін түсіріп аламын деп ойлайды.

Өзіңізді бағалау өмір сапасына ықпал етеді, бірақ оны толық анықтамайды. Денсаулық, қауіпсіздік, қарым-қатынас және материалдық жағдай да маңызды. Өзіңізге деген көзқарасты осы кең аяда қарастырыңыз.

Өмір сапасына өзін бағалау мен өзіне деген көзқарас әсер етеді. Сонымен қатар денсаулық, қауіпсіздік, қарым-қатынас және материалдық жағдай да маңызды.

Өмір бойы әрқайсымыз өзімізден, басқалардан мұндай сөздер естиміз: «Мен жақсы адаммын», «Мен табандымын», «Мен ұялшақпын», «Мен ақкөңілмін», «Менің достарым жоқ», «Мен ақымақпын», «Менің жағдайым жоқ», «Мен жалқаумын», «Мен қайыршымын». Біз өзіміздің жеке ойларымызға сәйкес әрекет ететіндіктен, бұл белгілер біздің мінез-құлқымызды басқарады. Олардың тек кейбіреулері ғана пайдалы. Бірақ адам ретінде өсу және даму үшін олардың көпшілігін өзгерту керек. Тағы да қайталаймын, біз өзіміз туралы не айтып отырғанымызды мұқият қадағалауымыз керек. Өйткені, өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігі тек өзін-өзі растаумен (аффирмация) шектеледі. Бұл шек біздің шынайы мүмкіндіктерімізге ешқандай қатысы жоқ, дегенмен біз әрқашан өзімізді «қабілеттімін» деп санайтын нәрсені ғанс жасаймыз. Сондықтан біз ішкі диалогты саналы түрде бақылауымыз керек, әйтпесе ол бізді басқарады. Өзіңіз туралы ой-пікірлер, яғни ортаның сізге ілген идеялары жай жадтан өшіріле салмайды, өйткені олар бейсанада терең сақталады, бірақ оларды оң ішкі диалог арқылы ауыстыруға болады. Өзі туралы жаңа позитивті, адекватты тұжырым (аффирмация) басым сенімге айналады. Біз әрқашан біздің бейсанамызда басым болатын сенімге сәйкес әрекет ететініміз белгілі. Яғни Бейсанамызда қандай сенім басым болса, біз соған сәйкес амал-әрекет жасаймыз. Өзіңіздің «Мен» бейнесін өзгертудің басты себебі, сіз белгілі бір қызмет саласындағы жетістіктеріңізге қанағаттанбауыңыз. Өз әрекеттерімізде біз автоматты түрде бейсанаға бағынамыз. Біздің өзіміз туралы көзқарасымыз өзгермейінше, біз автоматты түрде сол баяғы әрекеттерді қайталаймыз және бірдей нәтиже көре береміз. Біз өзімізге деген қарым-қатынасты өзгертпей, өз әлеуетімізді толық іске асыра алмаймыз. Біздің әрекеттеріміз ішкі бейсаналық өзгерісті бастағанда, алаңдаушылық пен психологиялық ыңғайсыздық сезімі бірден пайда болады, өйткені саналы түрде біз әрқашан өзіміздің қатып қалған «Мен» бейнесіне сәйкес келуге тырысамыз. Ол бейне қазіргі уақытта біз өзімізді қабілетті, мүмкін деп санайтын сенім мен түсініктен тұрады.

«Күту деңгейінің» жоғарылауы

Ішкі импульс немесе кейбір сыртқы жағдайлар бізді психологиялық жайлылық аймағынан кетуге мәжбүр етсе, бірден түсініксіз алаңдаушылық сезімі пайда болады. Біздің әрқайсымыз психологиялық жайлылықтың белгілі бір аймағындамыз, атап айтқанда, өзіміз немесе айналамыздағы адамдар күткен, үміт еткен деңгеймен өмір сүруді өзімізге лайықты деп санаймыз. Мысалы ата-анасы баласының адам болуын, қызығын көруін күтеді. Кәсіпкер кәсібінің алға басуын күтеді. Адамдардың барлығы әрдайым бір нәрсені күтеді.

Мысалы, бейсана деңгейінде біз өзіміз үшін қандай көлікпен жүру керектігін, қандай табыс табу керектігін, қандай мейрамханаларда түскі ас ішуді, қандай жағдайларда өзін жайлы сезінуді және т.б. осылардан бейсана бас тарта бастағанда, ішкі ыңғайсыздық бірден пайда болады. Мұндай реакция оң өзгерістерді қиындатады немесе кем дегенде баяулатады. Күту деңгейін жоғарлату үшін біз бейсананы өзгертуге мәжбүр боламыз. Жұмыстағы қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларда біз логикалық дәлелдер іздей бастаймыз және өзімізді бейсанамен айналыспауымыз керек, ештеңе жұмыс істемейді, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ деп сендіре бастаймыз. Бір нәрсені өзгерту үшін сіз өзіңізді басқа жағдайда, басқа машинаны жүргізу кезінде, басқа жұмыста, басқа адамның жанында елестетуіңіз керек. Бұрынғыдан да артық күтуге сіздің құқығыңыз бар. Сондықтан да күту деңгейін жоғарлатыңыз!

Өз жайлылық аймағымыз туралы ой біздің қатысуымызсыз қалыптасты, оны орта қалыптастырды. Біз жай ғана саналы түрде қоршаған ортаға беріле салдық не болса соны, бұйырғанын қабылдадық. Себебі біз бала кезден өмірге түк білмейтін түсінбейтін, мақлұқ, мақау болып келдік. Ата-ана біздің өсуімізді күтті, мектепке баруымызды күтті, ЖОО түсуді күтті, үйлендіріп не тұрмысқа шығарып немере күтті. Бұл стандартты күтулер. Негізінде адамның күту деңгейі шексіз, тек соны түсіну керек. Адамға қашан ақыл кірді деп айтамыз? Ол өмірінде күту деңгейін жоғарылатып, күтуден мақсатты әрекетке көшкен кезде.